Курстар
Курсты таңдап, оқуды бастаңыз
Алдымен бағытты таңдаңыз. Әр курстың ішінде модульдер, тақырыптар, тегін сабақтар және premium материалдар болады.
Желілердің негіздері
Компьютерлік желілердің қалай жұмыс істейтіні туралы қарапайым тілмен жазылған курс. Курс базалық желілік түсініктерден басталып, біртіндеп коммутация, маршруттау, WAN технологиялары, қауіпсіздік және желілік сервистерді қарастырады. Сіз желілердің OSI моделінің әр деңгейінде қалай жұмыс істейтінін, негізгі хаттамаларды теңшеуді және ақауларды жоюды, сондай-ақ құрылғылардың жергілікті және ауқымды желілерде қалай байланысатынын үйренесіз.
IP-ге кіріспе
Бұл курс ARP және RARP қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді. Сіз құрылғылар IP арқылы MAC адресті қалай табатынын және жергілікті желіде байланыс қалай өтетінін үйренесіз. ARP сұраныс және жауап, broadcast, ARP кэші және желідегі мәселелер қарастырылады.
IPv6-ге кіріспе
Бұл курс IPv6 негіздерін және оның желіде қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді. Сіз IPv6 адрестерінің түрлерін, қысқарту әдістерін және префиксті анықтауды үйренесіз. EUI-64, SLAAC, Neighbor Discovery және multicast механизмдері қарастырылады.
Transport layer-ге кіріспе
Сіз TCP және UDP қалай жұмыс істейтінін және олардың айырмашылығын үйренесіз. TCP header құрылымы, window size scaling және сенімді дерек жеткізу қарастырылады. Сонымен қатар ICMP және оның желідегі рөлі түсіндіріледі.
Арналық деңгейдегі коммутация (Layer 2 Switching)
Бұл курс коммутация (Layer 2) негіздерін және Cisco IOS жұмысын түсіндіреді. Сіз VLAN, trunk және 802.1Q қалай жұмыс істейтінін үйренесіз. MAC адрестерді үйрену, VLAN баптау, InterVLAN Routing және router-on-a-stick қарастырылады. Сонымен қатар VTP, Voice VLAN және IP баптау негіздері өтеді.
Spanning Tree (STP) протоколы
Spanning Tree (STP) протоколын және желідегі loop мәселелерін болдырмауды түсіндіреді. Сіз STP, RSTP және MST қалай жұмыс істейтінін үйренесіз. Root bridge таңдау, порт рөлдері және convergence процесі қарастырылады.
Маршруттау негіздері(Routing)
IP routing қалай жұмыс істейтінін және роутерлердің шешім қабылдау процесін үйренесіз. Статикалық маршруттар, default gateway, administrative distance және longest prefix match қарастырылады. Сонымен қатар Cisco роутердің базалық баптауы өтеді.
OSPF — динамикалық маршруттау протоколы
Бұл бөлім OSPF динамикалық маршруттау протоколы, оның негізгі теңшелімдеріне және DR/BDR рөлдерін таңдау мен LSA пакеттерімен алмасу сияқты жұмыс механизмдерін егжей-тегжейлі талдауға арналған.
EIGRP бағыттау протоколы
Негізгі баптауларына және метриканы есептеу үшін K-мәндерін пайдалану мен тең емес құндылықтағы жүктемені теңестіру сияқты бірегей мүмкіндіктеріне арналған. Сіз көршілестікті қалыптастыру принциптерін, топология кестелерімен жұмыс істеуді қарастырасыз
BGP курсы
RDMA over Converged Ethernet
Добро пожаловать на курс "RoCEv2 для AI-инфраструктуры"
SEO
Желілік инженерия, Cisco және MikroTik курстары
NetStudy.kz каталогы желілік технологияларды онлайн оқуды таңдауға көмектеседі: базалық желілік үлгілерден Cisco, MikroTik, желілік әкімшілендіру және жасанды интеллект инфрақұрылымы практикасына дейін.
Әр курс беті модульдер мен сабақтар құрылымына алып барады, бұл навигацияны, қаралым тереңдігін және сайт ішіндегі сілтемелерді жақсартады.